RU
Қазақстанның БЖЗҚ салымшылары өз жинақтарын онлайн түрде біле алады
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанның БЖЗҚ салымшылары өз жинақтарын онлайн түрде біле алады

Рассказать Вконтакте

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында өз жинақтары туралы ақпарат алу тәсілдері туралы айтылды. Қорда салымшылар БЖЗҚ міндеттемелерін орындауға әсер ететін барлық өзгерістер туралы айтуға міндетті екені туралы да сөз болды. Сондай-ақ, мекемеде салымшылар үшін ең ыңғайлы тәсіл ақпаратты онлайн түрде алу екендігі туралы айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстанның БЖЗҚ салымшылары өз жинақтарын онлайн түрде біле алады

Қазақстанның БЖЗҚ салымшылары өз жинақтарын онлайн түрде біле алады

Жаңа жыл қарсаңында БЖЗҚ тағы да өз дәстүрлерін еске алды. Ал қордың жаңа жылдық дәстүрлерінің бірі жыл сайын хабардар ету тәсілі ретінде дәстүрлі пошта таңдалған салымшыларға пошта арқылы жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйі туралы үзінді көшірмені тарату болып табылады.

Қазақстандықтардың көпшілігі келісімшарттарын зейнетақы жүйесі құрылған кезде ғана ресімдеген. Сондықтан мекен-жай, телефон, электрондық пошта сияқты көрсетілген деректемелер бір рет емес, бірнеше рет өзгеріске түскен.

Осыған байланысты жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді көшірме қорға көп жағдайда "хат алушы көрсетілген мекен-жайда тұрмайды" деген белгімен кері қайтарылады.

Қазақстанның БЖЗҚ салымшылары өз жинақтарын онлайн түрде біле алады

Қазақстанның БЖЗҚ салымшылары өз жинақтарын онлайн түрде біле алады

"Бұл Заңмен реттелген болса да, салымшылар өз мекен-жайлары туралы мәліметтердің өзгергені туралы хабарлауға мүлде асығар емес.
Сондықтан БЖЗҚ жыл сайын салымшылар тұрмайтын мекен-жайға үзінді көшірме жіберіп отырады", -деді фондта.

БЖЗҚ-да хабарлағандай, өзгерген реквизиттер туралы хабарлауға салымшылардың өздері қызғушылық танытуы тиіс.

Зейнетақы жинақтары туралы ақпарат беру тәсілін өзгерту немесе таңдау үшін салымшы БЖЗҚ-ға тек жеке куәлікпен жүгіну қажет.

Ал сізде жеке электрондық сандық қолтаңба болса, бұл рәсімді жүзеге асыру әлдеқайда оңайырақ болады. Бұл жағдайда сіз үйден шықпай-ақ, enpf.kz порталының "Электронды қызметтер" бөлімінде қызмет ала аласыз.

Айта кетерлігі, БЖЗҚ салымшылары өз жинақтары туралы ақпаратты төрт тәсіл арқылы біле алады. Олар: қорға жеке жүгіну; ЖЗШ ашу туралы өтініште немесе жеке келісімде көрсетілген электрондық мекенжайға хабарлама жіберу; электрондық сандық қолтаңбаны немесе пайдаланушының тіркелген ЖСН мен парольді, сондай-ақ, поштаны пайдалана отырып, жеке өтініш жіберу.

БЖЗҚ-да жинақтар туралы ақпаратты интернет желісі арқылы білудің ыңғайлы екенін айтады. Осылайша, салымшылар үзінді көшірмелерді тек қордың сайтынан ғана емес, қазақ және орыс тілдеріндегі мобильді қосымша арқылы біле алады.

Сондай-ақ, ЖЗШ жай-күйі туралы ақпаратты электрондық үкімет сайтының "Әлеуметтік қамтамасыз ету"- "БЖЗҚ зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу" бөлімінен алуға болады.

Қазақстанның БЖЗҚ салымшылары өз жинақтарын онлайн түрде біле алады

Қазақстанның БЖЗҚ салымшылары өз жинақтарын онлайн түрде біле алады

Одан бөлек, сайт немесе бағдарлама арқылы салымшылар өз жинақтары туралы ақпаратты кез келген уақытта алу мүмкіндігіне ие.

Жыл басында пошта арқылы көшірме алатын салымшылардың саны 1 805 000 адамды құраған. БЖЗҚ-да атап өткендей, ағымдағы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 270 мың салымшы үзінді көшірме алудың бұл тәсілінен бас тартқан.

"Ақпараттандыру тәсілі ретінде электрондық поштаны таңдаған салымшылардың саны жыл басынан бері 68 мың адамға артса, интернет-ақпараттандыруды таңдаған салымшылардың саны 1 145 890 адамға көбейді!
Сізге жақын орналасқан бөлімшеге барып, ақпараттандырудың жаңа тәсіліне көшіңіз. Барлық жаңалықтардан хабардар болыңыз. Жаңа жыл-жаңа дәстүрлерді құру үшін ең қолайлы уақыт", -деді БЖЗҚ-да.

Қазіргі уақытта Қазақстанда БЖЗҚ-ның 216 бөлімшесі жұмыс істейді. Үзінді көшірме алу тәсілдерін рәсімдеу үшін тек 10 минут уақыт кетеді. Кез келген адам өзіне ыңғайлы тәсілді таңдап, жеке жинағының жай-күйін біле алады.

Филиалдың мекенжайлары туралы ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады: https://www.enpf.kz/kz/contacts/regionalnaya-set/

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel