RU
Танымал ресейлік шахматшы аязда үсіп өлген
Жаңалықтар Әлемде

Танымал ресейлік шахматшы аязда үсіп өлген

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Мәскеу қаласында Халықаралық шахмат федерациясының мүшесі Эдуард Дубов үсіктен қайтыс болды деп хабарлайды Pravda.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: tripadvisor.ca

Көрнекі фото: tripadvisor.ca

Сенбі күні таңертең Профсоюзная көшесінде ер адам аяздан үсіп қалып, ауруханаға жеткізілген. Жексенбіде танымал шахматшы есін жинамай қайтыс болған.

"Қайтыс болған ер адамның аты-жөні анықталды. Ол – 1938 жылы 27 сәуірде өмірге келген Дубов Эдуард Львович", - деді агенттік қызметкерлері.

Ресей шахмат федерациясы сайтындағы ақпарат бойынша, Эдуард Дубов – атақты математик, халықаралық шахмат федерациясының мүшесі (FIDE), Мәскеу шахмат федерациясының бұрынғы президенті . Оның 22 жастағы немересі Даниил Дубов әлемдегі танымал жас шахматшылардың бірі.

Ресей шахмат федерациясы Дубовтың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Сіздің реакцияңыз
2
2
1
20
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel