RU
Қостанай облысында полиция майоры жол көлік оқиғасына себепші болған

Қостанай облысында полиция майоры жол көлік оқиғасына себепші болған

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысының Октябрское-Челғаши тас жолында Қарасу ауданының полиция майоры Hyundai Accent көлігімен "Лада-212114" көлігін бетпе-бет соққан. Апат салдарынан "Лада" көлігінің жүргізушісі, 23, 11, және бір жастағы жолаушылары жапа шеккен деп хабарлайды «ТоболИнфо» агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Vmestezp.org

Фото: Vmestezp.org

Куәгерлердің айтуынша, шетелдік көлікті мас полиция қызметкері тізгіндеген.

Қостанай облысының полиция департаменті апат ауа райының қолайсыздығынан, көктайғақ салдарынан болғанын жеткізді. Соның салдарынан көлік рөліне ие бола алмаған Қарасу ауданының тергеу бөлімінің тергеушісі полиция майоры қарсы бетке шығып кетіп, 43 жастағы ер адам жүргізіп келе жатқан "Лада" көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасынан "Лада" көлігінің жүргізушісі мен 23,11 және бір жарым жастағы жолаушылары қатты жарақат алған. Hyundai Accent көлігіндегі жолаушылар да жарақаттанған. Барлық адамдар аураханаға жеткізілген.

Медициналық сараптама "Лада" көлігінің иесі сау екенін, ал Hyundai Accent жүргізушісінің қанында аз мөлшерде ішімдік болғанын көрсеткен.

"Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қостанай облысының полиция департаментінің қылмыстық тергеу басқарамсының жеке құрамының қызметкерлері қызметтік тергеу тағайындады", - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінде.
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel