Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында бір отбасының үйін белгісіз адамдар өртеп жіберген (фото)

Опубликовано:

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Шеңгелші ауылындағы Серік Ершин есімді азаматтың үйі бір сәтте күлге айналған. Отбасы мүшелері сиырды өріске жіберіп, мал қорада жүргендерінде үйлерін біреу жанармай құйып өртеп жіберген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Үш ай бұрын күлі көкке ұшқан баспананы кімнің өртегені белгісіз. Үйдің жалғыз келіні де басты күдіктілердің бірі болып тергеуге алынған.

Ал отбасы мүшелері өрт қойғандар бұрын мектеп директоры болған ауыл тұрғыны деп отыр.

Айтуларынша, тұрғындар арасында бірнеше жылға созылған, бітпейтін араздық бар.

"Ол адамдармен араздығымыз 5-6 жыл бұрын басталған. Ерегесіп, бірнеше рет қорадағы шөбімізді өртеді. Іс ашылған жоқ. Осыдан кейін мал ұстамай далаға жібердік. Біз ауылдағы екі адамнан көреміз. Себебі жауласып жүргендер сол кісілер. Олар қораны өртегені аздай, енді үйімізді өртеп жіберді. Таңертең сиыр айдауға шыққанымызда үйге жанармай құйып өртеп жіберген. Содан далада қалдық. Қазір шалым екеуміз көршінің құлағалы тұрған үйін жалдап отырмыз.

Ол кісілермен араздығымыз көп. Талайдан соттасып жүрген жайымыз бар. Кішкентай ауылда солардан көреміз. "Үйді келіні жағып жіберді" деп шығарды.  Оның өрт қоймағанын шаққа дәлелдеп, келінді құтқарып алдық. Полиция өзіміздің қолымыздағы келіннің есін тандырып тергеді. Кішкентай немеремнің айтқанымен әрең арашаладық. Өртті кім қойғаны әлі табылған жоқ. Бір күні бізді де өлтіретін шығар", - дейді Гүлмира Ершина.

Отбасы мүшелері баспаналарын күлге айналдырған бұрын мектеп директоры болған ауыл тұрғыны екеніне сенімді.

Оқиға бойынша жергілікті құқық қорғау қызметкерлерімен іс қозғалған.

"18.09.2019 жылы сағат 08:30 шамасында Мұғалжар  ауданы Құмжарған селосы  Шеңгелші ауылындағы Серік Ершиннің жеке үйін біреулер қасақана өртеп жіберген.  Бөтеннің мүлкіне 10 млн теңге көлемінде залал келтірілді деп есептелген.  Осы дерек бойынша 202- бабы 3-бөлігі 2-тармағымен тергелуде", - дейді Мұғалжар ауданы ІІБ-нің тергеушісі Сырым Айтымбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1770140-aktbe-oblysynda-bir-otbasyny-jin-belgisiz-adamdar-rtep-zibergen-foto/

pixel