RU
Танымал журналист Мейрамбекті сынға алған Роза Рымбаеваны жақтап шықты

Танымал журналист Мейрамбекті сынға алған Роза Рымбаеваны жақтап шықты

Рассказать Вконтакте

Бибігүл Дәулетбекқызы Мейрамбек Бесбаевты дауысы жоқ әнші деп атаған Роза Рымбаеваны жақтап шықты. Эстрада жұлдызы өнердегі әріптесіне қатысты пікір білдіріп, өзі де толассыз сынның астына қалған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ

Журналист Бесбаевты сынға аламын деп ел қаһарына ұшыраған Роза Қуанышқызына қатысты пікірін білдірген. Бибігүл Дәулетбекқызы шоу-бизнес жұлдызына қатысты керағар пікір білдірушілерге жауап берді.

Ол өзінің Instagram парақшасына даулы мәселеге қатысты жазба жариялап, халық әртісін сынға алғандарды орнына қойған.

"Үндемей өтіп кетейін деп едім. Болмады. Кешеден бері жекеме Роза Қуанышқызын жексұрын етуге тырысып жатқандар туралы араша сұраған оқырмандарымның хаттарына жауап бергім келеді.
Бір сәт тарихқа үңіліп қаралықшы? Тарихта 20-шы ғасырда, қылышынан қан тамып тұрған Кеңес кезінде Кремльді ғана емес, әлемді дауысымен бағындырған кім еді? Саусақпен санарлықтай қазақ әншілері болды. Солардың бірі - Роза Қуанышқызы Рымбаева емес пе еді?! Роза Қуанышқызын жерден алып, қара жерге салатын дәрежеге алдымен жетіп па едіңіздер? Айтса, ақиқатын айтып жатыр. Шындықты есту - қашанда ауыр.
Ресейдің примадоннасы Алла Пугачёва болса, қазақтың примадоннасы атанып, "Әлия" әнімен 15 республиканы ғана емес дүниежүзін жылатқан біздің Розамыз емес пе еді? Неге дәл қазір түңіліп кеттіңіздер? Сол Пугачёваның өзі Роза Қуанышқызының алдында иіліп отыратыны өтірік емес. Талай рет Ресей арналарынан көріп отырмыз.

Кеңес дәуіріндегі 15 Республика - қазақтың әншісі келе жатқанында, қақ айрылып жол беретінін сіздер білесіздер ме? Олар "Розочка наша" деп тамсанып отырады. Әзірбайжанға, Питерге барғанымда "Біздің Розамыз" дейді. Ал, Сендер ше? Ұят!

Роза апамыз - дара әнші. Тарихта қалатын нағыз әнші. Ал, оның сын айтуға қақысы бар. Сондықтан да, көп сөзді доғарайық! Ал, кейбір хайп аңдып, кім болса соған құйысқанға қыстырылысып жүретіндер, өздеріңді биікпін деп санамаңдар! Сендер алдымен Роза Қуанышқызының басқан ізімен жүріп өтіп көріңіздер" , - деп жазды журналист.

Сіздің реакцияңыз
4
1
0
1
0
41
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel