RU
Денис Теннің өліміне күдікті қыздың аяғы ауыр болып шықты
Жаңалықтар Қоғам

Денис Теннің өліміне күдікті қыздың аяғы ауыр болып шықты

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысы басталды. Жауап алу барысында спортшының өліміне күдікті Жанар Толыбаеваның аяғы ауыр екені анықталды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

19 шілде күні орын алған қылмысқа қатысты сот отырысы қазақ тілінде өткен.

Ал сот залында бой көрсеткен күдікті Жанар Толыбаева жүктіліктің жетінші айында болып шыққан.

Күдіктінің сөзінше, ол Өзбекстанда туған. Осыған дейін тұрмыста болған бойжеткеннің төрт жасар баласы бар. Ал қазір ішінде алты жарым айлық екінші сәбиі бар екен.

Спортшының өліміне қатысты тағы бір сотталушы Құдайбергенов 11 сыныпты аяқтаған. Байқоңырлық азамат бұрын да істі болған.

Ал күдікті Қиясов колледжде оқыған. Шаңырақта ағасымен бірге тұрған ол бұрын істі болмаған.

Сіздің реакцияңыз
3
1
4
4
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel