RU
Ақтөбеліктер көліктеріне құны млн теңгеге жететін элиталық нөмірді жарыса алып жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеліктер көліктеріне құны млн теңгеге жететін элиталық нөмірді жарыса алып жатыр

Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өңірдегі автокөліктерге арналған ақпаратты таратты. Ақтөбеліктер бір жыл ішінде 623-тен астам  автокөлікке элиталы саналатын қымбат нөмірлер алған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото:taxidim.kz

Фото:taxidim.kz

Облыстағы автокөлік нөмірлерінің бағасының ең арзаны 137 085 теңгеден басталып, 685 425 теңгеге дейін жетеді.

"Биыл "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ішкі істер министрлігімен бірге автокөлік иелеріне жаңа мүмкіндік ұсынды.  Енді көлікке әдемі нөмір алғанда, сандарды ғана емес әріптерді де таңдауға болады. 15 қаңтардан бастап іске қосылған қызметке сәйкес қазақстандық автожүргізушілер мемлекеттік корпорацияның фронт-офистері арқылы симметриялық нөмір белгілерін таңдай алады.

Бұл үшін азаматтар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінімдерін рәсімдеп, мемлекеттік алымды төлеулері тиіс.  Сонымен қатар, қазақстандықтар автокөліктерін онлайн тәртіпте де тіркеу сервисі де іске қосылды.  Егер азаматтың электрондық-цифрлық қолтаңбасы болса, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы немесе ІІМ тіркеу-емтихан бөлімшелеріне бармай-ақ, автокөліктерін электрондық үкімет порталында рәсімдей алады", - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының Ақтөбе облысынан баспасөз хатшысы Әсел Мұстафина.

Мамандар мәліметінше, портал арқылы өтінім бергенде, ешқандай құжаттың скан-нұсқасын ұсынудың қажеті жоқ. Себебі қажетті мәліметтердің барлығы ақпараттық жүйелер арқылы алынады. 

"Ағымдағы жылдың басынан бастап, мамандандырылған ЦОН арқылы 58 495 автокөлік тіркеліп, құжаты берілді. Сондай-ақ жүргізуші куәлігінің мерзімі өткенге дейін ауыстыру немесе жоғалтып алған жағдайда медициналық тексерістен өтудің және психиатр, наркологтан анықтама әкелудің қажеті жоқ. Ал азаматтың ЭЦҚ-сы болса, жүргізуші куәлігін электрондық үкімет порталы арқылы онлайн тәртіпте ауыстыруға болады", - деді Әсел Мұстафина.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel