RU
"Қылжақбас Қабатовты тоқтат": Қазақ ақыны тілді шұбарлаған Тұрсынбекке шүйлікті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Қылжақбас Қабатовты тоқтат": Қазақ ақыны тілді шұбарлаған Тұрсынбекке шүйлікті

Рассказать Вконтакте

Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовты аяусыз сынап тастаған. Ол Қабатовқа эфирде орысша мен қазақшаны араластырып сөйлегені үшін шүйліккен деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ

Танымал әзілкешке қатысты ойын Ұлықбек Есдәулет өзінің Facebook парақшасында жариялаған. Ақын қазақ тілінің бұрмаланып жатқанына қатысты бар арыз-шағымын "Қазақстан" ұлттық арнасының басшысы Ерлан Қаринге жеткізген.

"Құрметті Ерлан Тынымбайұлы бауырым! Құдай үшін, қылжақбас Қабатовқа: "Орысша сөз араластырмай, қазақ тілін шұбарламай сөйле! Әйтпесе эфирге шықпайсың!" деп талап қоюыңды сұраймын! Тілімізді бөтен сөзбен былғауын тоқтатсын. Шүлдірлемей, қойыртпақтамай сөйлесін.
Ұлттық арнаны әркімнің ойланбай сөйлеп, жұртты күлдіргеннің жөні осы екен деп, өзге тілді оңды-солды безей беретін, қазақшаны белден басып, ойына келгенді айта беретін орынға айналдыруға болмайды. Тілдің киесі мен саxнаның киесі бар екенін естен шығармасын.
Эфирге шығады екен - ана тілімізді құрметтеуі керек! Тіпті эстраданың еңіреген жұлдызы болса да! Тілі енді шыққандарды қойып, мектеп жасындағы ұрпақтардан ұят! Тіл тазалығына әр өнер адамы жауапты. Егер оның әзіл-қалжыңынсыз Ұлттық арна күн көре алмайтын болса, жаттайтын мәтінін таза қазақ тіліне көшіріп беретін сауатты редактор бөлгендерің дұрыс.
Жақында Тұрсынбек ініміз көшедегі жарнамалардың тілі мен аудармасын өлтіре сынады. Айызым қанып, риза болып көрдім! Тақырыбын тапқан екен деп қуандым. Енді көшемен қатар өзінің тілін де түзегені жөн болар еді" , - деді Ұлықбек Есдәулет.

Сіздің реакцияңыз
8
5
5
3
2
69
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel