Выйти
RU

Денис Теннің өлімі: Күдікті қыздың кімнен жүкті екені белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денис Теннің өліміне қатысы бар деп күдіктелген Жанар Толыбаеваның кімнен жүкті екені белгілі болды. Анықталғандай, баланың әкесі істегі күдіктінің бірі Арман Құдайбергенов болып шыққан деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бүгін Алматыда өткен сот отырысы барысында танымал спортшының өліміне қатысы бар деп танылған күдіктілердің жақын арада ата-ана болатыны анықталды. Арман Құдайбергенов пен Жанар Толыбаева тұтқындалғанға дейін қарым-қатынаста болған.

Қазіргі кезде, күдікті жүктіліктің жетінші айында болып шыққан.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысының басталғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Жәбірленуші жақ қылмыстық оқиғаның тапсырыспен жасалғанын алға тартты.

Танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні көлік ұрыларының қолынан қаза тапқан болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Денис Теннің өлімі: Күдікті қыздың кімнен жүкті екені белгілі болды