RU
Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан ММА федерациясының президентін таныстырды

Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан ММА федерациясының президентін таныстырды

Рассказать Вконтакте

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Қазақстан ММА федерациясының» жаңадан тағайындалған президентін көпшілікке таныстырды. Федерация президенті қызметін Ғалымжан Есенов атқарады деп хабарлайды NUR.KZ.

Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан ММА федерациясының президентін таныстырды

Бүгін министр Арыстанбек Мұхамедиұлы ережесіз жекпе-жек өкілдерімен кездесу өткізді. Жиын барысында аралас жекпе-жектің үш федерациясы бір ту астына біріктірілді. Атап айтар болсақ, «Қазақстан аралас жекпе-жек ММА федерациясы», «Аралас жекпе-жек, панкратион және грэплинг федерациясы» және «NOMAD MMA федерациясы» бір ұйымға топтастырылды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан ММА федерациясының президентін таныстырды

«Қазақстанда жауынгерлік өнер қауымдастығы құрылып, ұйымды басқару Кәрім Қажымұқанұлы Мәсімовке тапсырылған болатын. 2022 жылы елімізде «Sport Accord» халықаралық конвенциясы аясында біріккен ойын өткізу міндеті тұр. Аталған ойынды абыроймен атқару үшін бізге жекпе-жек өнеріне қатысты барлық іс-қимылдарды бір жүйеге түсіру қажет. Бүгінде ұлттық спорт түрлерін дамытуды бір ізге түсірдік. Рас, Олимпиадаға бағдарламасына енген спорт түрлеріне ерекше назар аударып, жекпе-жек түрлерінің көлеңкеде қалған кездері болды. Алайда, біз барлығына уақыт тауып, жекпе-жектің де айы оңынан туатын кез келді. ММА әлем жанкүйерлері арасында үлкен ықыласқа ие екенін ескеріп, мақсатты түрде алға қадам жасау керек», - деді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан ММА федерациясының президентін таныстырды

Министрдің айтуынша, Ғалымжан Есеновтің кандидатурасын тараптап бірауыздан мақұлдаған.

«Ғалымжан Есеновтің спорт саласындағы тәжірибесі мол. Ол «Алматы марафоны» сынды ауқымды шараны сәтті ұйымдастыруымен танылған адам. Бірнеше жыл бойы шахмат федерациясының президенті болды. Сондай-ақ, Есенов Қазақстан триатлон федерациясының вице-президенті екенін де айта кету керек. Ғалымжан Есеновтің ұйымдастырушылық қабілеті мен заңгерлік тәжірибесі бізге үлкен көмек болары сөзсіз», - деді министр.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel