RU
Денис Тен көлігінің айналарын ұрлағандарды полицейлер көрген болуы мүмкін

Денис Тен өлімі: Айна ұрлағандарды полицейлер көрген болуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Денис Теннің өліміне қатысты сот тыңдалымында, жәбірленуші тарап өкілі Нұрлан Өстеміров мәлімдеме жасады. Адвокаттың сөзінше, мәнерлеп сырғанаушы көлігінің айналарын шешіп жатқан ұрыларды полицейлер көрген болуы мүмкін деп хабарлайды NUR.KZ.

NUR.KZ

Фото:NUR.KZ

"Полицейлер көліктерінде отырған. Олардың отырған жерлерін ескерсек, ұрының айнаны алып жатқанын көруі тиіс. Әзірге олар куәгерлер ретінде өтуде", - деп мәлімдеді адвокат.

Сонымен қатар ол Тенді айыпталушы Қиясов өлтірмегенін хабарлады.

"Сот тергеуі басталғаннан кейін қарама-қайшылықтардың мән-жайы анықталады. Дәлелдерді сот мақұлдауы тиіс. Соққы 90 градустан жасалған. Қалай Қиясов арт жақтан бұлай пышақ сұғуы мүмкін? Мұндай соққыны тек алдынғы жақтан жасауға болады. Мұны кәсіби маман жасаған. Қиясов кінәні не себепті мойнына алды? Неге олай айтты", - дейді Өстеміров.

Адвокаттың пікірінше, бұл тапсырыс бойынша жасалған қылмыс.

Бүгін Денис Теннің өліміне қатысты алдын ала сот тыңдалымы өтті.

Еске сала кетейік, белгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге 19-шы шілде күні автоұрылар шабуыл жасаған болатын. Оқиға Алматы қаласының орталығында болған. Алған пышақ жарақатынан Денис Тен ауруханада көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel