RU
Асылхан Төлепов Қырғызстанда жылдың ең үздік актері атанды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Асылхан Төлепов Қырғызстанда жылдың ең үздік актері атанды (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық актер Асылхан Төлепов Қырғызстанда жылдың үздік актері атанды. Бұл қуанышты жаңалықпен актердің өзі Instagram парақшасында бөліскен деп хабарлайды NUR.KZ.

Төлепов бұл марапатын қазақ еліне арнаған.

"Сүйінші, ағайын! Жаңа ғана Қырғыз елінде "Время стойкиx. Көк-бөрү" фильмінде басты рөлді сомдағаным үшін "Жылдың ең үздік актеры" атандым. Қолдау көрсеткен барша жандарға алғысымды айтамын. Тәуелсіз еліміздің айбынды ұланы ретінде жеңісімді қазақ еліне арнаймын", - деп жазған ол өз парақшасында.

Жаңалықты естіген желі қолданушылары Асылхан Төлеповке шығармашылық табыс тілеген.

"Азаматсыз!", "Алар асуларыңыз көп болсын", "Биіктерден көріне беріңіз" , "Құтты болсын" ,- деп жазған олар.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel