RU
Астанада үсік шалған екі жеткіншек ауруханаға түсті

Астанада үсік шалған екі жеткіншек ауруханаға түсті

Рассказать Вконтакте

Астанада үсіп қалған екі студент №2 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Колледжде білім алатын жасөспірімдерді ІІ және ІІІ дәрежелі үсік шалған деп хабарлайды Елорда Инфо сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: m.bk55.ru

Көрнекі фото: m.bk55.ru

Қазір жасөспірімдердің жағдайы орташа.

​"Астанада 25 желтоқсандағы температураның төмендеуі бойынша жеті адам медициналық көмекке жүгінді. Оның ішінде ІІ және ІІІ дәрежелі үсік шалған екі жасөспірім (колледж студенттері) №2 қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Жасөспірімдердің жағдайы орташа дәрежеде", - делінген хабарламада.

Елордада үсік шалып, қайтыс болғандар жоқ.

Айта кетейік, кеше 24 желтоқсанда Астанада ауа температурасы 31 градус аязды көрсеткен болатын.

Астана қаласының Білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты 25 желтоқсанда бірінші және екінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайтынын да хабарлаған еді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel