RU
"Өлі ме, тірі ме?": Күйеуі анасымен араластырмай қойған әйел мұңын шақты

"Өлі ме, тірі ме?": Күйеуі анасымен араластырмай қойған әйел мұңын шақты

Рассказать Вконтакте

21 жасында тұрмысқа шыққан келіншек қазір ата-анасымен араласпайтынын айтты. Әйел, тіпті, әке-шешесінің тірі немесе өлі екенін білмейді екен деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: syl.ru

Көрнекі фото: syl.ru

Өзінен тоғыз жас үлкен азаматпен отбасын құрған әйел қазір өз жанұясының жағдайынан мүлде бейхабар екенін айтады. "Отырып қаласың" деген сөздерден қорқып, ойланбастан босаға аттаған ол бүгінде қайғыдан қан жұтып жүр екен.

"Тұрмыс құрған соң көп ұзамай көтердім, қызды болдық. Бірақ жүктіліктің соңғы айларында жолдасым ұрысуды бастады. "Анаң ондай, анаң мұндай" дей берді. Ақыры анаммен қатты ұрысып, араласпай қойды.
Осы жағдайдан кейін анам келіп, мені алып кетпекші болды. Бірақ мен "қайтып келген қыз жаман" демекші, қайтуға бата алмадым, сондықтан жолдасыммен қалдым. Қателік жасадым ба, білмеймін. Араға бір ай салып босанып та алдым. Анама хабар барды, ол құттықтамады. Немересін де көрмеді", - дейді келіншек.

Жарты жылға уақыт әке-шешесімен хабарласа алмаған келіншек іштей оларды сағынып жүр екен. Ал қазір өзінен біршама жас үлкен күйеуі ұрысып, қол көтеретін де көрінеді.

Ал төрт айлық қызы бар жас ана өз жақындарының тірі не өлі екенінен де бейхабар. Тек ата-анасымен емес, әпке-інісімен байланысы үзілген әйел алдағы уақытта не істерін білмей жүргенін айтады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
9
5
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel