RU
Тұрсынбек Қабатов ұлы мен әйелін перзентханадан шығарып алды (фото, видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Тұрсынбек Қабатов ұлы мен әйелін перзентханадан шығарып алды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Осыдан бірнеше күн бұрын бесінші рет әке атанған Тұрсынбек Қабатов ұлы мен әйелін перзентханадан шығарып алды деп жазады NUR.KZ.

Мөлдір Мұқанованы перзентханадан шығарып алу рәсіміне жақындары мен музыканттар келген.

"Аман-есен бөпемізбен үйге оралып, қуанып жатқан жайымыз бар. Баршаңызға басымды иіп, алғысымды білдіремін. Отбасымызда болып жатқан қуанышымызға ортақтасып, жаудырып жатқан ақ тілекке толы жүректеріңізден айналдым. Баршаңыздың шаңырақтарыңыз тек қуанышқа, шаттыққа, сәбилердің бақытқа толы күлкісіне бөлене берсін", - деп жазды Қабатовтың жұбайы Instagram парақшасында.

Ал желі қолданушылары әртістің отбасына жарыса ақ тілектерін жолдаған.

Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатовтың шаңырағында бесінші сәби дүние есігін ашып, оған Райымбек дес есім қойған болатын.

Сіздің реакцияңыз
4
0
1
0
2
52
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel