RU
Оралда жоғалып кеткен 12 жасар бала табылды
Жаңалықтар Қоғам

Оралда жоғалып кеткен 12 жасар бала табылды

Рассказать Вконтакте

Кеше Оралдағы №38 орта мектептің 6-сыныбында оқитын 2006 жылғы Санжар Сатаевтың сабақтан шыққан соң, белгісіз бағытқа кеткені айтылған болатын. Өңірлік полиция департаменті 12 жасар баланың табылғанын мәлім етті деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото:Izhlife

Фото:Izhlife

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 желтоқсан күні сағат 19.30-да 2006 жылғы Санжар Сатаевтың анасы ұлының жоғалып кеткені жөнінде полицияға жүгінген.

"Бүгін жасөспірім табылды. Қазір анасымен бірге жүр. Оның неліктен жоғалғаны, түнде қайда болғаны анықталу үстінде", - деді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әлия Наурызғалиева.
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel