RU
Қарағандыда жүк көлігі өртке оранды

Қарағандыда жүк көлігі өртке оранды

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда "Шығыс" базарында жүк көлігінің жанармай багы жарылып кетті деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: КТК арнасынан кадр

Фото: КТК арнасынан кадр

Облыстық ТЖД мәлімдемесінше, жүк көлігінің жүргізушісі жанармай багын дәнекерлейтін лампамен жылытпақшы болған.

Соның салдарынан ер адамның беті мен қолы күйіп қалған. Ол Мақажанов атындағы клиникаға жеткізілді. 

"Өрт 25 желтоқсан күні сағат 13:18-де шықты. Оның салдарынан Volvo және Scania жүк көліктеріне жалын шарпып, аздаған зақым келді. Өрт сағат 13:32-де ауыздықталып, алты минуттан кейін сөндірілді", - деп хабарлады ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, өртті сөндіруге алты арнайы техника мен жеке құрамның 25 адамы жұмылдырылған.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel