RU
Алматыда жоғарғы сынып оқушысынан әлімжеттік көрген баланың әкесі жанайқайын айтты

Алматыда жоғарғы сынып оқушысынан әлімжеттік көрген баланың әкесі жанайқайын айтты

Рассказать Вконтакте

Күні кеше Алматыдағы 176 мектеп-гимназиясында жоғары сынып оқушысы өзінен кішкентайларға әлімжеттік көрсетіп, ұрып-соққаны туралы айтылған еді. Бұл жағдайдан хабардар болған ата-аналар тіпті, мектепке келіп, шу шығарған болатын. Осы оқиғаға қатысты NUR.KZ порталы жәбір көрген оқушының әкесіне хабарласып, оқиғаның мән-жайын анықтады.

Көрнекі фото: twitter.com/astrakhan_ru

Көрнекі фото: twitter.com/astrakhan_ru

9-сынып оқушысының әкесі Думан Әбішев мектепте бұл жағдайдың бірінші рет болмағанын алға тартты.

"Бұл бірінші рет орын алып отырған жағдай емес. Ол ұлымнан екінші рет телефонын алып алған екен. Тек менің ұлымнан ғана емес, сыныптастарынан, төменгі сынып оқушыларынан да тартып алып жүріпті. Артынша оны қайтару үшін біреуден ақша, біреуден тамақ әкелуін сұраған көрінеді.
Соңғы рет балам шыдамай, барлығын директордың орынбасарына айтып берген. Біз артынан мектепке барып, директордың кабинетінде сөйлестік. 10-сынып оқушысы басын төмен қаратып отырды", - деді ол.

Сондай-ақ, Әбішев сыныбында болған жағдайға атүсті қараған сынып жетекшіге де назын білдірді.

"Әкесі полицей деп жатыр. Сол үшін қазір қысым басталуда. Маған бүгін ұлымның сынып жетекшісі хабарласты. Ол маған "барлық мәселе шешілді емес пе, неге NUR.KZ порталына ақпарат бердіңіз?" деп сұрады. Неге сынып жетекші мектепте орын алған жағдайлардан бейхабар болады, ал жарияланған материал үшін алаңдайды?", - деді азамат.

Ал мектеп директоры Гүлбағда Әденова аталған мәселеге қатысты тәрбие жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Сіздің реакцияңыз
2
0
4
0
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel