RU
Полициядан қашқан жүргізуші жол көлік инспекторын сүйреп әкетті
Жаңалықтар Әлемде

Полициядан қашқан жүргізуші жол көлік инспекторын сүйреп әкетті

Рассказать Вконтакте

Мәскеу қаласында такси жүргізушісі жол-патрульдік полицейдің қолын есік терезесіне қысып, 50 метр жерге сүйреп әкеткен деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

видеодан скриншот

Фото:видеодан скриншот

24 желтоқсан күні полицей тоқтап тұрған Mazda 6 көлігінің қасына барып, құжаттарын тексермек болған.

Бір кезде жүргізуші терезе әйнегін көтеріп, тәртіп сақшының қолын қысып тастаған. Содан кейін газды басып, жүріп кеткен.

Қолы қысылған инспектор көлік артынан сүйретілген.

Полицей шынтақ және тізе жарақаттарын алған.

Жүргізуші оқиға орнында тұтқындалды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
4
1
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel