RU
Астаналық тұрғын қақаған аязда жақсылық жасаған полицейге алғысын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Астаналық тұрғын қақаған аязда жақсылық жасаған полицейге алғысын айтты

Рассказать Вконтакте

Астанананың қатты аязында тұрғындардың біразы төтенше жағдайларға тап болып жатыр. Солардың бірі қара суықта дөңгелегін ауыстыруға мәжбүр болған Нұрбек Есетов екен. Елордалық азаматқа тағырықтан шығуға полицейдің көмегі тиіпті деп хабарлайды азаматтың Facebook парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Today.kz/ ©Борис Копылов

Көрнекі фото: Today.kz/ ©Борис Копылов

"Көліктегі беріліс қорабы жоғарыға қосылмай, артқы беріліске де тартылмады. Жылы автотұраққа барып, көлігімді жылытпақ болдым. Сол үшін авариялық жарықтарымды қосып, республика даңғылына шығып, Қабанбай батыр көпіріне қарай бұрылғанмын. Сол кезде шина дисктан шығып кеткенін көрдім.
Артынша көлігімді жөндеуге кіріскен мен артымнан келе жатқан патрульдік көлікті байқадым. Сол кезде құжат сұрайтынына сенімді болып, моральдық тұрғыда дайындала бердім. Алайда полицейдің өзі дамкрат сұрап, дөңгелекті алып берді. Кейіннен жақын тұста тұрған шиномонтажға апарып, тағы да барлық дөңгелектерімді жөндеп көмектесті. Содан соң маған ақ жол тілеп, өз қызметін жалғастыруға кетіп қалды", - дейді Нұрбек Есетов.

Азамат өзін әріптестері әзілге қосып, оқиғаны "Ерекше полицей" деп атағанын айтқан.

Алайда, Есетов қатардағы полицейлердің арасында өз қызметтерін дұрыс атқаратын, мейірімді әрі көмекке дайын тұратын қызметкерлердің көп екенін жеткізді.

Tengrinews.kz тілшісі аталған полицеймен хабарласып, оқиғаның мән-жайын сұрастырған.

Анықталғандй, оның аты-жөні Айдос Ағабеков екен. 25 жастағы азамат бұл салада 2015 жылдан қызмет етеді.

"Дала қатты суық болды. Алғашында мен рөлде бір жігіт отырғанын байқадым. Артынша одан не жағдай болғанын сұрадым. Суықтан оның дөңгелегі бұзылып қалыпты. Ол эвакуатор күтіп тұрғанын айтты. Бірақ, мен барлығын өзім істеуге бекіндім. Себебі, онда еш қиындық болған жоқ. Мен баллонды патрульдік көлікке салып, шиномонтажға апарып тастап, кетіп қалдым", - дейді ол.

Полицей өз ісін ерлік деп есептемейді. Ол патрульдік полицей болмаса да, азаматқа көмек көрсететінін айтты.

Фото: Скриншот/ Facebook

Фото: Скриншот/ Facebook

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
2
17
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel