Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ешқашан үйленбеген қария өз махаббатын қарттар үйінен тапты (фото)

Опубликовано:

Атырауда ешқашан үйленбеген қария өз жұбайын қарттар үйінен тапқан. Сергей Сердюченко мен Наталья Родина жаңа жылды алғаш рет ерлі-зайыптылар болып қарсы алмақ деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Фото: Ақ Жайық
Фото: Ақ Жайық: Instagram

Сердюченко өзінің 65-ші жаңа жылые жұбайымен қарсы алатынына қуанышты.

"Мен бұрын үйленбегенмін, соңғы кезде тұрақты тұрағым да болмады. Бұған дейін достарымның таныстарымның үйлерін паналадым. Жасым үлкейген соң күзде қарттар үйіне барайын деп шештім. Мұнда Натальядай сұлуға жолықтым, ол да кет әрі болмады, алғаш отбасылық өмірді кешіп жатырмын. Бұйырса 65-ші жаңа жылымды жұбайыммен бірге қарсы аламын", - деді ол.

Одан бөлек, 104 адам паналайтын орында жаңа жылын 15-ші рет қарттар үйінде өткізетін ақсақал бар екен. Құрманғазы ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген Баяз Қаршығаев жолдасы мен жалғыз қызы көз жұмған соң осында келіп тұрақтаған.

Фото: Ақ Жайық
Фото: Ақ Жайық: Instagram
"Жыл сайын жаңа жылды осы шаңырақта туған күніммен қоса атап өту дәстүріме айналған. 2019 жылы 1 қаңтарда 91 жасқа толамын. Бұл - менің қарттар үйіндегі он бесінші жаңа жылым",- дейді ол.

Ал Людмила Худина жаңа жыл мерекесін жылда қыздарымен бірге мейрамханада өткізуді әдетке айналдырған.

Фото: Ақ Жайық
Фото: Ақ Жайық: Instagram
"Қызымның бірі Германияда, бірі Ресейде тұрмыста. Мереке күндері Атырауға келіп менімен бірге болады. Өткен жылдың жазында үш ай Германияда болып келдім. Бірақ маған ол жақтан гөрі осы жер ұнайды дейді" - дейді Людмила Васильевна.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1770351-eskasan-jlenbegen-karia-z-mahabbatyn-karttar-jinen-tapty-foto/

pixel