RU
Жаңа жылдық мерекенің адам өміріне қауіпті екені анықталды

Жаңа жылдық мерекенің адам өміріне қауіпті екені анықталды

Рассказать Вконтакте

Швеция ғалымдары Жаңа жылдық мейрамдар мен басқа да мерекелер қарсаңында жүрек талмасын алатындай жиілейтінін анықтады. Бұл туралы кursk-izvestia сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Марина Лысцева/ТАСС

Фото:Марина Лысцева/ТАСС

Зерттеушілер 1998 бен 2013 жылдар аралығында болған 283 мыңнан аса миокард инфарктісін талдаған.

Нәтижесінде Рождество, Жаңа жыл және Пасха мерамдары, сонымен қатар футболдан әлем және Еуропа чемпионаты, олимпиадалық ойындар сынды ауқымды спорттық шара кезінде болған жүрек талмалары іріктеліп алынған.

Зерттеулер Рождество қарсаңында, сонымен қатар жазғы демалыстар кезінде миокард инфарктісінің қаупі максималды деңгейге жететітін көрсеткен.

Пасха және спорттық жарыстар кезінде жүрек-тамыр жүйесінің жұмысында ақаулар болмаған.

Тағы бір айта кететін жайт, жүрек талмалары көбінесе дүйсенбі күні таңертең болатыны анықталған. Көбінесе инфаркт алғандар 75 жастан асқан адамдар, сонымен қатар ишемия мен диабетке шалдыққандар екен.

Сіздің реакцияңыз
0
4
2
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel