Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рахман Омардың жарын қатыгездікпен өлтірген әйел кешірім сұрамаған

Опубликовано:

Рахман Омардың жарын өлтірген 30 жастағы әйел соңғы сот отырысында марқұмның туыстарынан кешірім сұрамаған. Олар жантүршігерлік жағдайға қатысты үкім шығарылған тыңдалым кезінде Ақтолқын Сүлейменова өзін қалай ұстағанына ашулы болған деп хабарлайды "КТК" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр, Коллаж: NUR.KZ
Фото: видеодан кадр, Коллаж: NUR.KZ: Facebook

Өзі жалдап тұрған пәтер иесін пышақтап өлтірген әйел өз қылмысын мойындағанымен, оған өкінетінін айтпаған. Ақтолқын Сүлейменова өзіне үкім шығарылған сәтте де, марқұмның жақындарынан кешірім сұрамаған болып шықты.

"Ештеңеден қорықпайтындай ұстады өзін. Ол өз істеген қылмысы үшін өкінетінін айтпақ түгіл, бізден кешірім де сұраған жоқ. Сөзім жоқ, оның бұл әрекетіне. Сот отырысы бойы, көзінен бір жас та шықан жоқ. Әрбір сөзге арпылдасып отырды" , - деді марқұмның әпкесі.

Оған қоса, сот отырысында айыпталушы әйелдің отбасынан ешкім келмеген.

Сотталушы өзіне шығарылған үкімді үнсіз, жалғыз өзі естіген. Ал жәбірленуші тараптан марқұмның ұлы келмеген. Анықталғандай, жас жігіт шетелде оқып жатыр.

Дереккөз: КТК

Айта кетейік, бұған дейін Рахман Омардың бірінші әйелін өлтірген келіншектің 15 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1770390-rahman-omardy-zaryn-katygezdikpen-ltirgen-jel-kesirim-sramagan/

pixel