Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеті баланың анасы екі рет "алып қашудың" құрбаны болған

Опубликовано:

Қырғыстанның Нарын қаласының тұрғыны Айнұр (аты өзгертілді) басынан өткен қиыншылықтарды баяндап берді. Бұл туралы Turmush сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: lopotun.ru
Көрнекі фото: lopotun.ru: Twitter

48 жастағы Айнұр екі рет "алып қашудың" құрбаны болғанын айтты.

Екінші жолдасымен 16 жыл бірге тұрып, төрт жыл бұрын ресми түрде ажырасқан.

Бұрынғы жолдасымен араласпайды және алименттен бас тартыпты. Өйткені жолдасынан өзі түгіл, балаларының да көңілі әбден қалған. Жолдасы жақсы өмір сүруге мұрша бермеген. Ол балаларымен талай аштықты бастан кешіріп, көшеде түнеген кездері де болған. Қазір бұрынғымен салыстырғанда жақсы өмір сүруде.

"Мен өзімнің басымнан кешкен оқиғамды айтып бергенді жөн көрдім. Мен жасаған қателіктер басқа қыздар мен әйелдерге сабақ болса деймін. 18 жасымда мені танымайтын ер азамат алып қашты. Ол менен 20 жас үлкен болатын. Маңдайыма жазғаны осы шығар деп көніп, оның әйелі болуға келістім. Екеуміз тіл-табыса алмадық. Жүктілігімнің 7 айында ажырасып тындым. Сол кезде өзімді өте нашар сезіндім. Ешкімге керек емеспін деп те ойладым. Босанып алғаннан кейін ата-анам қол ұшын берді", - деді ол.

Айнұр екінші алып қашқан күйеуінің өзінен 13 жас үлкен болғандығын айта кетті.

Қызын ата-анасының қолына тапсырып, оның жары атанған. Оның айтуынша, бастапқы да бәрі жақсы болған. Кейінірек келе жолдасы ішуді бастапты.

Содаң соң өмірі күрт өзгергенін, жолдасының ұрып соққанын, бұзылған үйлердің арасында неше рет қонғанын айтып берді.

Сондай-ақ балаларының түрі ұқсамайды деп айыптаған. Осы қорлыққа шыдамаған әйел жетінші баласы бір жарым жаста болғанда ажырасып тынған.

Қазір наубайханада жұмыс істеп, жоқшылықты бастан кешіруде. Бірақ бұрынғы өміріне қарағанда, әлдеқайда жақсы екен.

"Қыздар мен әйелдерге ерлерге бағынышты болып өмір сүрмеңдер деп кеңес беремін. Қазір жақсы ер азаматтар жетерлік. Егер ер азамат бағаламаса, онымен бірге тұрудың қажеті шамалы. Әйел мықты болуы қажет.
Мені өмір тәрбиелеп мықты етті. Балаларым аш қалмауы үшін тырысып бағамын. Кейде балаларыма киім алатын ақша болмай қалады. Бұл менің жыныма тиеді. Бірақ балаларым үшін бәріне шыдаймын", - деп сөзін қорытындылады Айнұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1770399-zeti-balany-anasy-eki-ret-alyp-kasudy-krbany-bolgan/

pixel