Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстан мектебінде ілініп тұрған Бакиевтің суреті елді шошытты

Опубликовано:

Қырғызстанның Шу облысының Дмитриевка елді мекеніндегі мектепте ілініп тұрған Құрманбек Бакиевтің суреті ата-аналардың наразылығын тудырды деп жазады Turmush сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

turmush.kg
Фото: turmush.kg: Facebook

"Бақытты балалық" атты стендте Құрманбек Бакиевтің оқушылармен бірге түскен суреті ілініп тұр. Суреттің әлі күнге дейін алынбағаны ата-аналардың ашуын тудырды.

"Екі күн бойы мектепте жаңа жылдық шырша өтіп жатыр. Ал ана жерде Бакиевтің суреті 10 жылдан бері ілініп тұр. Оны алып тастаса дұрыс болар еді", - деді кейбір ата-аналар.

Аудандық білім басқармасының жетекшісі Болот Иманалиев бұл ақпаратты кеше алған екен.

"Мен бірден мектеп директорына хабарласып, суретті алып тастауды тапсырдым. Бұл Қ.Бакиевке арналған бұрыш емес қой. Әдейі жасалды деп ойламаймын. Дегенмен, дұрыс емес. Суретті алып тастайды", - деді Болот Иманалиев.

Мектеп директоры Светлана Аппаеваның сөзінше, ол суретті алып тастауды бір жыл бұрын тапсырған екен.

"Мұнда жұмыс істеп жүргеніме бір жыл болды. Қызметке келгеннен-ақ Бакиевтің суретін алып тастауды өтінгенмін. Маған дейін неге алмағандарын білмеймін. Бұған мән бермеген шығар", - дейді Светлана Аппаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1770401-kyrgyzstan-mektebinde-ilinip-trgan-bakievti-sureti-eldi-sosytty/

pixel