RU
Ата-анасы жерлеп тастаған төрт жасар қыз 16 жылдан соң оянып кеткен

Ата-анасы жерлеп тастаған төрт жасар қыз 16 жылдан соң оянып кеткен

Рассказать Вконтакте

Түнде ұйқыға кетіп, таңертең оянбаған төрт жасар Нәзира Рүстемова өмірге 16 жылдан кейін қайта оралған. Летаргиялық ұйқыға батқан бүлдіршін жеті күн ауруханада жатып, еш тіршілік белгісін көрсетпеген екен. Ақырында дәрігерлер балақайдың көз жұмғанын айтып, "мәйітін" ата-анасына қайтарып беріпті деп хабарлайды "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: chert-poberi.ru

Көрнекі фото: chert-poberi.ru

Әке-шешесі белгісіз себеппен "о дүниеге аттанған" қыздарын сол күні-ақ жер қойнауына тапсырып қояды. Алайда, сол түні-ақ Нәзираның ата-анасы бірдей түс көріп, шошып оянған екен.

Сөйтсе, ұйқыда жатқан екеуіне де бір дауыс естіліп, "Өз қыздарыңды тірідей көміп, кешірілмес күнә жасадыңдар" деп айтыпты.

Бұл сөздерден кейін "марқұмның"әке-шешесі молаға жүгіріп, қыздарын қайтадан қазып алады. Артынша облыстық ауруханаға жеткен олар бүлдіршіннің жүрегі минутына бір, екі-ақ рет соғып жатқанын анықтапты. Содан кейін ата-анасы оны Ташкенттегі ғылыми-зерттеу институтына апарған екен. Ал ұйқыдағы бүлдірішн оянғанша сол ауруханада жатқан көрінеді.

Нәзира араға 16 жыл салып, 1985 жылы 29 тамыз күні оянады.

Кенеттен есін жиған ару түсінде шырылдаған дауыстан көзін ашуға мәжбүр болғанын айтыпты.

"Түсімде қайта-қайта телефон шырылы естілді. Телефонды менен басқа ешкім көтермейтініне көзім жеткен соң, орнымнан тұрып, көрші бөлмеде тұрған телефон тұтқасын көтердім. Сол жерде отырған екі медбике есінен танып қалды. Жан-жағыма қарадым, жатқан кереуетім жоқ. Сөйтсем, мен көрші бөлмеге есіктен емес, қабырғадан еш кедергісіз өтіп кетіппін", - деді Нәзираның өзі.

16 жыл бойы бұл өмірдің жаңалығынан құр қалған Нәзира ұйқыға кетпес бұрын телефон мен теледидарды көрмегенін айтқан. Ал ауруханада ол жатқан бөлменің есігі құлыптаулы болыпты.

Ал оның көрші бөлмеге қалайша өтіп кеткені сол күйі жұмбақ болып қалған. Бұл оқиғадан кейін Нәзираны мәскеулік дәрігерлер, психологтар да тексеріпті. Бірақ бұл жайдың нақты себебі мен мән-жайын ешкім түсіндіре алмаған екен.

Тағы бір қызығы, 16 жыл ұйықтаған Нәзираның бойы тек 28 саниметрге ғана өскен. Алайда, есін жиған соң оның бойы жылдам өсіп, өз қалыпты жағдайға жетіпті.

Бойжеткеннің айтуынша, алғаш оянған кезеңдерде ол бірнеше тілде еркін сөйлеп, жаза алған екен. Одан бөлек, ару жануарлар тілін түсініп, 10-15 сантиметрге жоғары көтеріліп тұра алыпты.

Дегенмен, бірнеше жыл өткен соң Нәзираның бойынан бұл қасиеттер жоғала бастапты. Десе де, ару қазақ, орыс, тәжік, өзбек, араб тілдерінде еркін сөйлеп қала берген екен.

Есесіне Рүстемованың бойына емшілік қасиет қоныпты. Тұла бойына тылсым күш сыймағандықтан Нәзира қыстың аязында да жалаң аяқ, жұқа жейдемен жүрген кездері болыпты.

Сіздің реакцияңыз
3
13
10
1
2
33
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel