Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

27 желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал

Опубликовано:

Бүгін барлық зодиак белгілерінің жолы болады. Мұқият және байсалды болу керек. Сонымен қатар әділетті, әрі шыншыл болсаңыз да артық етпейді. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 27-ші желтоқсанға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

BlogNews.am
Көрнекі фото:BlogNews.am: Facebook

1. Тоқты

Сіз мереке алдындағы күйбелеңге салынасыз. Жолға дайындалып, достарыңа баруды жоспарласаңыз да, кешті отбасыңызға арнасаңыз дұрыс болады.

2. Торпақ

Бүгін тек өзіңізге қатысты істермен айналысыңыз. Басқалардың көмегі мен демеуіне сенім артудың қажеті жоқ. Алға қойған тапсырмаларды орындауға күшіңіз де, қайратыңыз да жеткілікті болады.

3. Егіздер

Сіз адамдармен тез тіл табысасыз, осы қасиетіңіз бүгін көмекке келеді. Өзіңізді қажет сезінесіз. Көптен бері маңызды қадам жасауға батылыңыз жетпей жүрсе, бүгін өте қолайлы күн. Әсіресе бұл әділеттілік орнатуға қатысты.

4. Шаян

Бүгін жаман әдеттен арылып, пайдалы нәрсе үйрену үшін таптырмайтын күн. Міндетті түрде осы мүмкіндікті пайдаланып қалыңыз. Біраз күш салсаңыз, жаңа әсерлі өмірге қадам басасыз. Сонымен қатар көп мәселені келіссөздер арқылы шешуге болатынын ұмытпаңыз.

5. Арыстан

Бүгін қаһарыңызға мініп, бәрін бақылауда ұстауға тырысасыз. Бұл тек жұмысқа қатысты емес. Дауыс көтеріп оң нәтижеге қол жеткізбейтініңізді ұмытпаңыз, сондықтан сәл де болса жылы шырай танытыңыз.

6. Бикеш

Бүгін сіз үшін "өмірлік мақсат" деген жай сөз емес. Өзіңіздің өмірлік құндылықтарыңызды түсінесіз. Соның нәтижесінде осы оң өзгерістердің жемісін келесі жылы көретініңіз сөзсіз.

7. Таразы

Айналадығылар шындықты сезетінін бұрыннан білетінсіз. Бүгін өзіңізге ұнайтын адамға жан сырыңызды ақтаруға дайын боласыз. Жаңа жыл қарсаңында біреуге сезім білдіріп, ұсыныс жасау керемет емес пе?

8. Сарышаян

Бүгін бұрыннан бері шешілмей жүрген мәселелерді шешесіз. Жетекшілікті қолыңызға алып, дұрыс шешім қабылдайсыз.

9. Мерген

Жаңа жыл қарсаңында тәуекелге барып, белсенділік танытудың қажеті жоқ. Одан да денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Бүгін моншаға немесе саунаға барсаңыз дұрыс болады.

10. Тауешкі

Бұл зодиак белгісінде туылған ер адамдар біреуден көмек күтпей, тапсырмаларды өздері орындап үйренген. Бүгін де солай өз шаруаларыңызбен өзіңіз айналысасыз, бірақ қаржы мәселесіне көңіл бөлген жөн. Дәл осы күні табыс табудың жаңа көзі пайда болуы мүмкін.

11. Суқұйғыш

Сіз басқаларға мақсаттарыңызды, ниеттеріңізді және шынайы сезімдеріңізді көрсетуге үйретпегенсіз. Бүгінгі күн мақсатыңызға бір қадам жақындайсыз. Ол үшін өте қолайлы күн.

12. Балықтар

Бүгін қайда барсаңыз да өзіңізді өте жайлы сезінесіз. Сіз кез келген ұжымға қуаныш әкелесіз. Жұмыстан бас көтере алмай жүрген ұжымның өзіне жақсы көңіл-күй сыйлайтын мүмкіндігіңіз болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1770451-27-zeltoksanga-arnalgan-zldyz-zoramal/

pixel