RU
52 өзбек өртенген автобустағы өртке кінәлі күдікті қолға түсті
Жаңалықтар Қоғам

52 өзбек өртенген автобустағы өртке кінәлі күдікті қолға түсті

Рассказать Вконтакте

Биылғы жылдың 18 қаңтарында Ақтөбе облысының Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде 52 өзбек азаматы автобуста тірідей жанып кеткен болатын. Осы автобустың өртенуіне кінәлі күдікті Өзбекстаннан экстрадицияланды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото:Zakon.kz

Фото:Zakon.kz

Ұсталған адам ағымдағы жылдың қаңтар айында Ақтөбе облысында көлік құралының өртенуіне және 52 адамның қаза табуына әкеп соқтырған техникалық ақауы бар автобусты заңсыз пайдаланған.

Қылмысқа күдікті ретінде танылған өзбекстандық азамат ұзақ уақыт өз елінің аумағында бой тасалап жүрген.

Ордухан Мехтиевті еліміздің Бас прокуратурасы мен ІІМ қызметкерлері қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Өзбекстаннан экстрадициялған.

Халықаралық іздеу жариялнған Мехтиев қазір Шымкент қаласындағы тергеу изоляторында.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың қаңтар айында Өзбекстанның 57 азаматы отырған "Икарус" маркалы жолаушылар автобусы өртеніп, 52 адам тірідей жанып кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
1
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel