RU
Алматыда қатерлі ісікке шалдыққан әйел елден көмек сұрады

Алматыда қатерлі ісікке шалдыққан әйел елден көмек сұрады

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының тұрғыны Мария Сеитоваға дәрігерлер "меланома" диагнозын қойған. Ал үш баланың анасы қатерлі ісікпен күресуге қаражаты жетпейтінін айтады деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: Видеодан кадр/ КТК

Фото: Видеодан кадр/ КТК

Мария өзінің ауыр дертке шалдыққанын қараша айында бір-ақ білген. Ал осы уақытқа дейін келіншек аурудың бір белгісін де байқамапты. Қатерлі ісіктің бар екенін ол денесіне шыққан күдікті қалды тексерткен соң ғана анықтаған екен.

41 жастағы келіншек екі аптада бір рет ем алмаса, оның өміріне үлкен қауіп төнуі мүмкін.

Ал қатерлі ісікті емдейтін препараттың бағасы өте қымбат. Бір процедурасының өзі 2 миллион теңге тұрады.

Келіншектің айтуынша, оны кем дегенде бір жыл үзбеу керек. Ал туыстарының жинап берген бір млн теңгесі бір жылдың өзіне әрең жетіп отыр екен. Қаражат табуға қиналып отырған келіншек жалғыз мүлкі-баспанасының өзі де банкте кепілдікте тұрғанын айтады.

Амалы қалмаған үш баланың анасы қайырымды жандардан көмек сұрап отыр.

" Үйді ипотекаға алғанбыз. Сондықтан, оны тез арада сату мүмкін болмай тұр. Сол себепті, қайырымды жандардан көмек сұраймын. Өтінемін, балаларым үшін көмектесіңіздерші", - дейді Мария Сеитова.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel