RU
Оралда дене тәрбиесі сабағынан кейін оқушы көз жұмды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Оралда дене тәрбиесі сабағынан кейін оқушы көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Оралда дене шынықтыру сабағынан кейін 10 жасар бала қайтыс болды. Оқушының сыныптастары оның жағдайының күрт нашарлағанын айтты деп хабарлайды uralskweek.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:uralskweek.kz

Фото:uralskweek.kz

Қайғылы оқиға 25 желтоқсан күні Оралға қарасты Асан елді мекеніндегі орта мектепте болған.

"Жедел жәрдемге қоңырау 17:52-де келіп түскен. Ал ақ халаттылар оқиға орнына бес минутта жетті. Баланың жағдайы ауыр болып, оны жақын маңдағы ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер барлық құтқару шараларын қабылдағанымен, оқушыны аман алып қала алмады", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөзі.

Айта кетейік, баланың неден қаза тапқаны белгізі. Ол сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болмақ.

Сіздің реакцияңыз
0
2
2
13
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel