RU
Шымкентте балалар үйінің түлектері шаңырақ көтерді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте балалар үйінің түлектері шаңырақ көтерді (фото)

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысының Төле би ауданында орналасқан №2 балалар үйінің түлектері Камал Ерболат пен Анастасия Сопельняк шаңырақ көтерді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ерболат пен Анастасия, фото: NUR.KZ

Ерболат пен Анастасия, фото: NUR.KZ

Жастардың қуанышын Түркістан облысының балалар мен жастар ісі басқармасы жасап беріпті.

"Ерболат пен Анастасиядай сабақ үлгерімдері өте жақсы, белсенді жастарға шаңырақ көтеру тойларын жасап беруге қашанда өз тарапымыздан көмегімізді аямаймыз", - деді басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова.
фото: NUR.KZ

фото: NUR.KZ

Қазақстанның үлгілі отбасы болуға уәделерін берген қос ғашық, барша қонақтарға алғысын білдірген.

Қалыңдықтың айтуынша, той көйлегін тәрбиешісі тауып берген.

"Біз 2017 жылы 7 желтоқсанда таныстық. Ерболат менің құрбымның туған ағасы. Сөйлесіп жүріп бауыр басып қалдық. Солай үйленуге бел будық", - деп қуанышын жасырмады қалыңдық.
фото: NUR.KZ

фото: NUR.KZ

Айта кететін жағдай, күйеу жігіт Камал Ерболат 22 жаста. Ол Шымкенттегі политехникалық колледждің 3 курс студенті. Ал Анастасия 19 жаста болғанымен, зауытта жұмыс істейді.

Қазіргі таңда жас отбасы жасөспірімдер үйінде тұрып жатыр.

фото: NUR.KZ

фото: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
20
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel