RU
Бірінші қаңтардан кейін кімдер телефонынан айырылып қалуы мүмкін?
Жаңалықтар Қоғам

Бірінші қаңтардан кейін кімдер телефонынан айырылып қалуы мүмкін?

Рассказать Вконтакте

2019 жылдың 1 қаңтарына дейін СИМ-картаны өз атына рәсімдемеген ел тұрғындары Жаңа жылдан кейін телефонынан айырылып қалуы мүмкін. Бұл туралы ақпарат және коммуникациялар министрлігі телекоммуникация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Виталий Ярошенко айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: tvc.ru

Көрнекі фото: tvc.ru

Ярошенконың сөзінше, Қазақстанда азаматтардың көбі өз атына рәсімделмеген СИМ-картаны қолданады. Мысалы біреулері оны сыйлыққа алса, енді біріне жұмысынан алған және тағы сол сияқты.

Сондықтан мұндай адамдар Жаңа жылдан кейін қолдарындағы телефонынан айырылып қалуы мүмкін. Себебі 1 қаңтардан бастап телефон автоматты түрде құрылғыға орнатылған СИМ-картаға тіркеледі екен. 

"Егер СИМ-картаны уақытында өз атыңызға рәсімдемесеңіз, телефоннан айырылып қалуыңыз мүмкін. Себебі құрылғыны соның ішіндегі СИМ-картаға тіркейді. Мәселен, сіз өзіңізге сыйға тартқан СИМ-картаны пайдаланып жүрсіз делік.
Оның кімнің атына рәсімделгенін де білмейсіз. 1 қаңтардан бастап сіздің телефоныңыз жаңағы СИМ-карта рәсімделген адамға тиесілі болады", - деген Ярошенко СИМ-картаның иесі одан телефонды тартып алуға құқылы екенін атап өтті. 

"Сіз телефонның қорабын көрсетіп, оның өзіңізге тиесілі екенін дәлелдеуіңіз мүмкін. Бірақ, СИМ-карта иесінің телефонды сізден тартып алуға толық құқы бар, себебі құрылғы мәліметтер базасында оның атына тіркелген. Осыдан кейін дау туып, түсініспеушіліктер басталады. Осындай келеңсіз жайттарға жол бермес үшін, сіздерге тіркелуге уақыт беріліп отыр", - дейді ол. 

Сондай-ақ, төраға Жаңа жылдан кейін телефон сатып алғандар не істеу керек екенін түсіндірді. 

"СИМ-картаны орнатып, операторға бірден өз ЖСН-ды жіберуіңіз керек. Тек осыдан кейін ғана байланыс қосылады", - деді Ярошенко.
Сіздің реакцияңыз
20
6
5
4
2
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel