RU
Елімізде төртінші мұнай өңдеу зауыты салынбайтын болды

Елімізде төртінші мұнай өңдеу зауыты салынбайтын болды

Рассказать Вконтакте

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауыты салынбайтынын мәлімдеді деп хабарлайды КТК арнасы.

Көрнекі фото: kazakh-tv.kz

Көрнекі фото: kazakh-tv.kz

Шенеунік жыл басында төртінші мұнай өңдеу зауыты салынатынын айтқан еді. Бензин, дизель тіпті керосинге дейін шығарады делінген кәсіпорынның қашан және қайда салынатыны күзде белгілі болуы керек болған.

Бірақ, бұған қатысты осыған дейін сөз қозғамаған Бозымбаев, бүгін аяқасты төртінші зауыттың салынбайтынын айтты.

"Үш мұнай өңдеу зауыты жаңғыртудан өткелі өндіріс артты. Ішкі нарықты 2030 жылға дейін жанармаймен толықтай қамтамасыз ете аламыз. Оның үстіне елімізде газдандыру жұмыстары жүріп жатыр. Сондықтан меніңше, әзірге тағы бір зауыт салудың керегі жоқ", - дейді Энергетика министрі.

Яғни, қазір бензин артығымен өндіріліп тіпті қоймаларда толып тұр екен. Сондықтан Бозымбаев төртінші өндіріс орнын салуды шегере тұрып, экспортты арттыру қажет деп отыр.

Қазақстандық бензиннің алғашқы партиясы ақпан айында Қырғызстанға жеткізілмек. Кейін, Армения мен Беларуське жөнелту жоспарда бар.

Дереккөз КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
6
0
0
1
2
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel