RU
Алмазбек Атамбаевтың немересіне ерекше есім берілді
Жаңалықтар Әлемде

Алмазбек Атамбаевтың немересіне ерекше есім берілді

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың қызы Әлия Шагиева әлеуметтік желіде қызына қандай ат қойғанын жариялады. Аюна есімді қыз 21-ші қарашада дүниеге келген деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ

Әлия Шагиева өзінің Instagram парақшасына жұмыстарының бірін жариялап, суреттің астында қызына не себепті мұндай есім бергенін түсіндірді.

Ол жүктеген суретте кішкентай баланы ұстап тұрған әйел бейнеленген. Туынды түрлі түстес қарындаштармен жасалған.

Суреттің астына Әлия қызына Аюна деген есім бергенін хабарлады.

Жас ана бұл шешімнің шын жүректен келгенін айтты. Ол бұл есімді ести сала, оған ғашық болып қалғанын жеткізген.

"Мен ғаламтордағы әйел аттарын қарап отырып, бұл есімді оқығанымда-ақ бірден ұнатып қалдым. Балапанымның туылғанына дейін бұл есім оған лайық екеніне сенімді болдым" , - деп жазды Әлия Шагиева.

Қырғызстанның бұрынғы президенті қызының бұл жазбасы желіде қызу талқыға түскен.

Бірі ерекше есімге тәнті болып жатса, енді бірі жас ананың салған суретіне де жоғары баға берді.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel