RU
Ақтауда 21 жастағы сарбазды қинап өлтірген офицерлер сотталды

Ақтауда 21 жастағы сарбазды қинап өлтірген офицерлер сотталды

Рассказать Вконтакте

Ақтаудағы әскери сотта 21 жастағы жауынгер Бақытбек Мырзамбековтың өліміне қатысты үкім шықты. Сарбаздарға әлімжеттік көрсеткен 5 бірдей шенді жазасын түрмеде өтейтін болады. Олар марқұмға шіліңгір шілденің отыз градус ыстығында ауыр жаттығулар жасатып, есінен танғанша зорықтырған деп хабарлайды КТК арнасы.

Бақытбек Мырзамбеков. Фото: Sputnik Қазақстан

Бақытбек Мырзамбеков. Фото: Sputnik Қазақстан

"Мұсабаев Бағлан Асхатұлы  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 453 бабы 2 бөлімімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын".

Ең алдымен үкім "Үстірт" әскери бөлімінің басшысы Бағлан Мұсабаевқа қатысты оқылды. Қызметіне салғырт қарап, қарамағындағылардың не істеп жүргенін жөнді бақыламағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айрылды.

Ал оның орынбасары Нұрбол Садабаев пен офицер-психолог Нұрлан Ыдырышов 5 жыл өмірін түрмеде өткізеді.

Осы екі азамат шілденің 10-ы күні сарбаздарды аптап ыстықта зорыққанша жаттығу жасатқан. Онымен қоймай бастарына күн өткенін айтып жалынған жауынгерлерге құлақ аспапты.

Ақыры сол жерде есінен танған 21 жастағы Бақытбек Мырзамбеков есін жимастан қайтыс болады.

Айыпталушылардың қатарындағы тағы екі әскери Жасұлан Әбікенов пен Нұрлан Әлмұханов та жазасыз қалмады. Тергеу кезінде аталмыш азаматтардың сарбаздарға әлімжеттік жасап, күн көрсетпегені белгілі болды. 

Әсіресе Жасұлан Әбікенов жауынгерлерді ұйқысынан оятып алып, сабаған. Сондықтан 4 жылға бас бостандығынан айрылды.

Ал әріптесі сарбаздарды сабамаса да қасында жүрген. Ол енді жазасын шартты түрде өтейді. Бұдан бөлек сотталушылар қайтыс болған сарбаздың отбасына 8 жарым миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс.

Сіздің реакцияңыз
8
1
6
4
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel