Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Араққа сылқия тойған Аяз атаның масқарасы шықты (видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде ішімдікке тойып алған Аяз атаның видеосы тарап кетті. Жаңа жылды ерте тойлап бастаған кейіпкер желіде қызу талқыға түскен деп жазады NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр, Коллаж: NUR.KZ
Фото: видеодан кадр, Коллаж: NUR.KZ: Twitter

Instagram желісінде жарияланған бейнежазбада подъезд ішінде аунап жатқан Аяз ата көрініс тапқан. Оның орнынан тұра алмай тұрғанына қарағанда, ішімдікке қатты масайып қалған болу керек.

Оқиға орнынан түсірілген видео желідегілер арасында қызу талқыға түсіп, керғар пікірлерге ие болды. Көпшілік ішімдікке тойып алған Аяз атамен қоса, оны камераға түсіріп алған адамдарды да сынға алған.

"Аяз ата бұрынғыдай емес, жаңа жыл басталмай жатып мас", "Тойып алған ғой мынау", "Ұят нәрсе. Аяз атаның ісі де, мына түсіріп тұрғандардікі де ұят" , "Оны жаман атты етіп түсірдіңдер, не таптыңдар содан?" ,"Масқара, ұят жағдай. Шын айтса, ұялып отырмын" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1770552-arakka-sylkia-tojgan-aaz-atany-maskarasy-sykty-video/

pixel