RU
Шымкентте 32 жастағы әйел үшемді өмірге әкелді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте 32 жастағы әйел үшемді өмірге әкелді (фото)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте тағы да үшем дүниеге келді. 32 жастағы Динара Нәлібаева енді алты баланың анасы атанды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Динара Нәлібаева. Фото: Келіншектің жеке мұрағатынан/NUR.KZ

Динара Нәлібаева. Фото: Келіншектің жеке мұрағатынан/NUR.KZ

Үшем 24 қарашада туылған. 33 аптасында жарық дүние есігін ашқан үшемнің салмағы 1300-1700 грамм болған. Бойлары 38-40 см.  Екі аптада салмақ қосып қоңданып қалған үшем бүгін перзентханадан шығарылады.

Динара Нәлібаева үшемді ота көмегімен босаныпты.

Сондай-ақ 32 жастағы келіншек пен күйеуі Шахшанбай Мәди екі ұл, бір қызға Омар, Осман, Зейнеп деп есім берген.

Айта кетейік, Динараның үшемге дейін екі қызы мен бір ұлы болған.

Статистикалық мәліметке сүйенсек,  Шымкентте жыл сайын 7-13 үшем дүниеге келеді екен. Соңғы он жылда Шымқалада 167 үшем туылған. Жалпы, жыл басынан бері еліміздің үшінші мегаполисінде 24 378 нәресте дүние есігін ашқан.

Фото: Динара Нәлібаеваның жеке мұрағатынан/ Nur.kz

Фото: Динара Нәлібаеваның жеке мұрағатынан/ Nur.kz

Фото: Динара Нәлібаеваның жеке мұрағатынан/ Nur.kz

Фото: Динара Нәлібаеваның жеке мұрағатынан/ Nur.kz

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
65
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel