RU
Сарапшы Назарбаевтың жаңа министрлікті не үшін құрғанын түсіндірді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Сарапшы Назарбаевтың жаңа министрлікті не үшін құрғанын түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев кеше кешке жарлық шығарып, индустриялық және инфрақұрылымдық даму министрлігін құрды. Жаңа ведомствоның пайда болуы немен байланысты екенін саясаттанушы Досым Сәтпаев талдады деп жазады NUR.KZ.

facebook.com/dosyms

Фото:.facebook.com/dosyms

Еске сала кетейік, бейсенбі күні президент инвестиция және даму министрлігін "индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі" етіп қайта ұйымдастырды. Ведомствоның инвестиция тарту жөніндегі өкілеттігі ұлттық экономика министрлігі мен СІМ-не берілді. Сонымен қатар сыртқы істер министрлігі енді экспорт үшін де жауап беретін болады.

"Бір жағынан "Суыр күні" фильміндегі сияқты. Үнемі есіктегі тайтайша жазуды өзгертеміз, ал шынымен мақтанарлық түк жоқ. Негізі бұл Қазақстанның қытайлық "Бір белбеу, бір жол" жобасымен тығыз қарым-қатынаста болуынан сияқты. Қазақстандық үкімет осылайша қытайлық инвестицияны индустриалды және инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға тарту үшін жасалып отырғандай. Соңғы кездері біздің шенеуніктер жаңа өндірістердің ашылуы туралы айтса, олар негізінен қытайлық кәсіпкерлердің қатысуымен болатыны көзге түседі", - деп жазды Сәтпаев өзінің Facebook парақшасында.

Оның пікірінше, осы қайта ұйымдастыру арқылы сыртқы істер министрлігін экспортты қолдап, инвестиция тартумен айналысатын экономикалық ведомствоға айналдырды.

"Алайда Ресей мен Қытай кеудемсоқтығының артуы салдарынан Қазақстан үшін геосаясаттағы қатер арта бастағанын, сонымен қатар халықаралық құқық күйзелісі орын алғанын ескерсек, министр орнына бізге өзіміздің Генри Киссинджеріміз керек. Себебі кейбір геосаяси орындықтарда отырып, достық қарым-қатынасты сақтап отыру қиынға соғатын болады", - деді саясаттанушы.

Сәтпаев жаңа тағайындалған сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов бұл міндетін атқара ала ма, жоқ па айтуға әлі қиын дейді. Министр дипломаттық тәжірибесіне қарамастан бастапқыда индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, сосын қайта ұйымдастырылған инвестиция мен даму министрлігінің жауапты хатшысы болған.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Қазақстанда жаңа министрлік пайда болып, оған басшы ретінде Жеңіс Қасымбек сайланған болатын.

Сіздің реакцияңыз
4
1
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel