RU
Алматыда қаланың бас архитекторы тағайындалды

Алматыда қаланың бас архитекторы тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының жаңа басшысы болып Алмасхан Ахметжанов тағайындалды деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: the-steppe.com

Фото: the-steppe.com

Алмасхан Ахметжанов Алматы қаласының тумасы. 19 жылдық еңбек тәжірибесі бар азамат қызметін Алматы қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасында бас маман болып бастаған.

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік университеті мен М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының "Инженер-құрылысшы" мамандығын аяқтаған ол соңғы 10 жылда осы басқарма жетекшісінің орынбасары болған.

Қазір қаланың жаңа бас архитекторының алдына "Адамдарға арналған қала" концепциясы аясында қаланың жайлы және экологиялық ортасын қалыптастыруды қамтамасыз ететін халықаралық тәжірибе мен инновациялық технологияларды қолдана отырып, басқарудың тиімді жұмысын қамтамасыз ету сынды бірқатар міндеттер қойылған.

Бұдан басқа, білім мен тәжірибенің сабақтастығын қамтамасыз ете отырып, қаланың кәсіби кадрлық әлеуетін одан әрі қалыптастыру үшін креативті сәулетшілер мен жобалаушыларды құрылыс жобасын дайындауға тарту керек.

Бұл үшін " Алматы Бас жоспары" Ғылыми- зерттеу институты базасында креативті идеялар және жас мамандарды кәсіби қолдау орталығы құрылатын болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel