RU
100-ге жуық көліктің көмегімен сүйіктісіне ұсыныс жасаған жігіт жұртты тәнті етті (видео)

100-ге жуық көліктің көмегімен сүйіктісіне ұсыныс жасаған жігіт жұртты тәнті етті (видео)

Рассказать Вконтакте

Астаналық жігіт жүзге тарта көліктің көмегімен сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Денис Ситдиков‎тың жеке парақшасы

Фото: Денис Ситдиков‎тың жеке парақшасы

Мадияр атты астаналық тұрғынның Сабина есімді сүйіктісіне жасаған ұсынысы Instagram желісінде жарияланды.

Романтик жігіт қаладағы автотұрақтың бірінде жүзге шақты көліктің көмегімен "Выхади за Маке" деген жазу шығарған.

Жазу аспанда квадрокоптермен видеоға түсіріліп, үйлену туралы ұсыныс монитор көмегімен көрсетілген.

Жүйелі жоспар мен достарының ұйымшылдығының арқасында сүйіктісін таңғалдырған жігіт ақыры Сабинаның келісімін алған.

"Ғашықтардың сүйіктісіне жасайтын ұсынысын күнде көре бермейміз. Маке, сені мақтан етеміз. Бақытты болыңдар", - деді досы Денис Сидтиков.

Сіздің реакцияңыз
2
2
0
0
0
21
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel