RU
ШҚО-да құстар жаппай қырылып жатыр (видео)

ШҚО-да құстар жаппай қырылып жатыр (видео)

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысында құстар жаппай қырылып жатыр. Өлген кептерлер мен қарғалар Соловьево ауданынан табылған. Бұл жағдайдың неліктен орын алғаны белгісіз деп хабарлайды YK-news.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Куәгерлер Соловьево ауданында көрген жантүршігерлік көріністі видеоға түсіріп алған.

Көшеде адамдар ондаған өлген кептер мен қарғаны байқаған екен. Ауыл тұрғындары бұл әрекет шаруа қожалықтарының қызметімен тікелей байланысты деп болжайды.

Енді қанаттылардың неден өлгенінін нақты себебін мал дәрігерлері анықтайтын болады. Олар Зыряновсктегі мамандарға жіберілген.

Құстардың ауа температурасының төмен болуынан да қырылып қалуы ғажап емес. Себебі, Зыряновскте соңғы күндері ауа-райы 39 градусқа төмендеп кеткен.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel