RU
ҚМДБ: Биыл 518 азамат дəстүрлі дінге оралған

ҚМДБ: Биыл 518 азамат дəстүрлі дінге оралған

Рассказать Вконтакте

Уағыз-насихат саласында атқарылған жұмыстардың есебі бойынша, биыл елімізден 518 азамат радикалды райынан қайтқан. Дəстүрлі дінге оралған азаматтардың бірқатары діни көзқарастары мен ұстанымдарын ресми түрде мəлімдеді деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

қайтты

қайтты

Жат ағымның жетегінде жүрген жандарды деструктивті ағымды насихаттаушы азаматтардың салт-дәстүрге, əдет-ғұрыпқа, мемлекеттік рəміздерге қайшы көзқарас қалыптастыратын сөздері қанағаттандырмаған.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған республикалық, жергілікті ақпараттық-насихат тобы жыл бойы жоспарлы жұмыс негізінде түсіндіру шараларын жүзеге асырды. 2018 жылы 347 адамнан құралған республикалық, жергілікті ақпараттық-насихат тобы 7 294 рет жалпы жəне жеке кездесу өткізді. Оған барлығы 646 056 адам қатысқан.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жұмыс бағыттарының бірі - халықты діни ағарту, дəстүрлі емес діни жолда жүрген азаматтарға түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру, насихат жүргізу.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel