RU
Америкалық спортшы бірінші болып Антарктиданы жалғыз өзі жүріп өтті
Жаңалықтар Калейдоскоп

Америкалық спортшы бірінші болып Антарктиданы жалғыз өзі жүріп өтті

Рассказать Вконтакте

Америкалық экстремал спортшы тарихта бірінші болып Антарктиданы жалғыз өзі жүріп өтті деп хабарлайды Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: colinobrady жеке парақшасы, коллаж: NUR.KZ

Фото: colinobrady жеке парақшасы, коллаж: NUR.KZ

Портленд қаласының тұрғыны 33 жастағы Колин О'Брэди 3 қараша күні қауіпті экспедицияны бастаған болатын.

26 желтоқсан күні америкалық спортшы саяхатын ешкімнің көмегінсіз 54 күнде аяқтады.

Отбасы мүшелері, достары, оқырмандары саяхатшыны интернет арқылы бақылап отырған.

"Соңғы 32 сағат менің өмірімдегі қиын кезеңнің бірі болды. Шындығын айтсам, бұл саяхат маған көптеген қызықты сәттерді сыйлады", - деп жазды ол.

Спортшы соңғы 129 шақырымды тоқтамай жүріп өткен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel