RU
Алматылықтар провайдер кеңсесіндегі ұзын-сонар кезекке шағымданды (фото)

Алматылықтар провайдер кеңсесіндегі ұзын-сонар кезекке шағымданды (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматылықтар Beeline кеңсесіндегі ұзын-сонар кезектерге шағымданды. Куәгерлердің айтуынша, адамдардың басым бөлігі телефондарын тіркеуге келген деп хабарлайды NUR.KZ.

Куәгерлердің суреті

Фото:Куәгерлердің суреті

Бұл туралы куәгерлер NUR.KZ редакциясына хабарлаған.

Алматылық Гүлжан провайдер кеңсесіне басқа мақсатпен келген, бірақ өз мәселелерін шешпестен қайтуды жөн көрген. Себебі операторға жету өте қиын. Оның үстіне адамдар толастамай келіп жатыр екен.

Куәгерлердің суреті

Фото:Куәгерлердің суреті

Айта кететін жайт, телефонды тіркеу үшін кеңсеге барудың қажеті жоқ. Осыдан бұрын операторлардың өкілдері телефонның IMEI кодын сим-картаға қалай байланыстырып қоюға болатынын түсіндірген болатын.

Сонымен қатар, ақпарат және коммуникациялар министрлігінің телекоммуникациялар комитетінің төраға міндетін атқарушы Виталий Ярошенко бірінші қаңтар күні барлық телефондар жаппай өшірілмейтінін, телефон өздігінен ішіндегі сим-картаға тіркелетінін хабарлаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel