RU
Лифттегі журналист өлімі: Сот залынан тұтқындалған механик бостандыққа шықты

Лифттегі журналист өлімі: Сот залынан тұтқындалған механик бостандыққа шықты

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде журналист Айзат Әбдісаматтың өліміне қатысты сот отырысында тұтқынға алынған механик Жарылқасын Ақжанов бостандыққа жіберілді. Ол барлық моралдық шығынды өтеген деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

aktobetimes.kz

Фото: aktobetimes.kz

Ақтөбе облысында журналист Айзат Әбдісаматтың өліміне қатысты сот отырысы өтіп, "Жанабек Сервис" ЖШС-нің директоры Кенен Жанабеков пен механик Жарылқасын Ақжанов айыпты деп танылған.

№2 қалалық сот шешімімен Кенен Жанабеков шартты түрде төрт жылға, Жарылқасын Ақжанов төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Айыпталушы тарап апелляциялық шағым түсіріп, облыстық сот шешімін шығарды.

"Жарылқасын Ақжановтың төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасы сол мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыруға өзгертілді. Сотталушы апелляциялық шағым түсіргенге дейін моральдық шығынды толық өтеді", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel