RU

Түркияда бір мезетте 28 көлік соқтығысып қалды (фото)

Түркия астанасы Анкарада бір мезетте 28 көлік соқтығысып қалды. Оның біреуі жедел жәрдем бригадасының көлігі. Салдарынан 7 адам жарақат алған деп хабарлайды Хабар 24.

Фото: Vesti.Ru
Фото: Vesti.Ru: Depositphotos

Жол апаты Анкараның батыс даңғылындағы Ақшемсеттин көпірінде болған. 28 көліктің бәр мезетте соқтығысуына көктайғақ себеп болыпты.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері мен қауіпсіздік сақшылары дер кезінде жеткен..

Апатқа байланысты көпірдегі қозғалыс тоқтатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1770738-trkiada-bir-mezette-28-klik-soktygysyp-kaldy-foto.html