RU
Алматыда 44 жастағы азамат жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда 44 жастағы азамат жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Рассказать Вконтакте

Алматы тұрғыны Досжан Әзербаевты 13 күннен бері туыстары іздеп жатыр. Желтоқсанның 14-і күні досымен бірге Қапшағайға кеткен ер адам сол күйі үйіне оралмаған. Ал қасындағы досы оны сол күні "Шаңырақ-1" ықшамауданына қалдырып кеткенін айтқан деп хабаралайды КТК арнасы.

Видеодан скриншот

Фото:Видеодан скриншот

Үш баланың әкесі желтоқсанның 14-і күні досымен бірге Қапшағайға кеткен екен. Сол күні кешке жұбайына телефон шалған Досжан Әзербаев үйге қайтып келе жатқанын хабарлаған.

"Келетін шығар деп алаңсыз отыра бердім. Сағат 10-11-де хабарласқанымда телефоны сөндірулі болды", - деді Досжанның жұбайы Нұрзия Әзербаева.

Содан бері 44 жастағы отағасынан хабар жоқ екен. Оны соңғы рет көрген досы, Досжанды "Шаңырақ-1" ықшамауданына әкеліп тастадым деп бой көрсетпей жүр екен.

"Біздің тілегіміз, Алатау аудандық ішкі істер басқармасы Жақсылықты тауып, жауап алса. Кінәсіз болса Жақсылық келсін", - дейді Досжанның інісі Ерлан Әзербаев.

Көңілдеріне күдік ұялағандар Досжанның туыстары оның Алматыға нақты келген-келмегенін білмейді.

Оны іздемеген жерлері қалмапты. Бірақ полицияның жұмысына ер адамның туыстарының көңілі толмай отыр.

"Телефонының  қай уақытта сөндіргенін қарап беріңіздерші дедім. Үш күннен кейін Қапшағайда 21:50-де өшкен деп айтып берді. Іздеу салып жатқан жоқ", - дейді Нұрия Әзербаева.

Алайда полицейлер іздестіру шаралары қолға алынғанын алға тартып отыр.

"Бұл азаматтың да, қасындағы досының да телефондары өшірулі. Әзербаев Досжанның суреті және оның жеке мәліметі жазылған іздеу қағазы ел арасына таратылды. Ол көршілес аудандарда немесе көршілес облыстарда болуы мүмкін деген болжамымыз бар", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат  Әзірбек.

Қазір Досжан Әзербаевты іздестіруге еріктілер тобы қосылған. 

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
0
2
2
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel