RU
Депутаттар мен министрлер Жаңа жылды қайда қарсы алатынын айтты

Депутаттар мен министрлер Жаңа жылды қайда қарсы алатынын айтты

Рассказать Вконтакте

Әрбір адам Жаңа жылды есте қалатындай қарсы алуға тырасады. Қазақстанның депутаттары мен министрлернің Доңыз жылын қалай және қайда қарсы алатынын Sputnik Қазақстан агенттігі анықтаған.

Коллаж:primeminister.kz

Коллаж:primeminister.kz

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Доңыз жылын дәстүрдегідей балалары және немерелерімен бірге үйде қарсы алады екен. Оның сөзінше, мерекені шетелде қарсы алуға уақыт жоқ екен.  

"Қаңтардан бастап жұмысымыз қауырт болады. Өз басым жұмыс істеймін. Сондықтан ешқайда бармаймын", - дейді мәжіліс спикері. 

Нығматулин қазақстандықтарға Бурабайда демалуға кеңес берді.

"Қыста күн жылы болып тұрған кезде, мына тұрған Бурабайға барып, демалысты сонда өткізу керек", - дейді ол. 

Сәрсенбай Еңсегенов Жаңа жылды жыл сайын отбасымен бірге ауылда қарсы алмақ. Депутаттың аяқталып қалған Ит жылына өкпесі жоқ. 

"Мен үшін бұл жыл барлық жағынан жақсы болды деп есептеймін. Үмітшіл халықпыз ғой. Сондықтан келесі жылы елдің үміті ақталсын деп тілеймін. Елімізде береке, тыныштық болсын!", - деп ізгі тілегін жеткізді сенатор. 

Еңсегеновтің әріптесі Мұрат Бақтиярұлы да жаңа 2019 жылды отбасының ортасында қарсы алуды жоспарлап отыр. 

"Ешқайда бармаймыз. Мен жалпы өмірімде қыдырған адам емеспін, жылда отбасыммен Астанада тойлаймын", - дейді сенатор Бақтиярұлы. 

Халық қалаулысы биылғы Ит жылына "тұрақты" деген баға берді. 

Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова да Жаңа жылды "отбасылық мереке" деп есептейді екен.  

"Осы жолы Астана қаласында, балаларым және немерелеріммен бірге атап өтемін. Биыл балаларым маған қонаққа келеді. Шет елдерге саяхаттап шығу ойымда жоқ", — деді депутат ханым. 

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Доңыз жылын елден ерекше қарсы алатынын айтады. Сағат тілі он екіні соққанда Астана көшелерімен жүгіріп, министр салауатты өмір салтын насихаттамақшы. 

"Тура сағат он екіде далаға шығып, марафон ұйымдастыру ойымызда бар. Бірақ, бұл нақты емес. Себебі ауа райына қарауымыз керек. Қатты аяз болса, әрине, жүгірмейміз. Егер жылы болса, бірнеше азаматпен бірге Жаңа жылды жүгіріп қарсы аламыз", - деді Мұхамедиұлы. 

Оның сөзінше, "Бәйтерек" монументінен басталатын марафонға кез келген қазақстандық қатыса алады. 

Ал ел үкіметіндегі жалғыз әйел министр Мадина Әбілқасымова отбасымен Бурабайға барады екен. 

"Өткен жылы да Жаңа жылды Бурабайда қарсы алған едік", - деді Мадина Әбілқасымова.

Президент жарлығымен жаңадан құрылған индустрия және инфраққұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек те Доңыз жылын Астанада отбасымен бірге қарсы алады.

"Әке-шешеммен, жолдасыммен және балаларыммен Астанада атап өтеміз. Жылда солай. Жаңа жылдан кейін, Алматыға немесе Көкшетауға қыдырып барып қалуымыз мүмкін", — деп жоспарымен бөлісті ол. 

Министр қазақстандықтарға жаңа 2019 жылда зор денсаулық, отбасыларына бақ-береке, ал елімізге тыныштық тіледі. 

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та Доңыз жылын отбасымен Астанада қарсы алмақ. 

Ал Әділет министрі Марат Бекетаев болса, үлкен ағасымен бірге елордада тұратын ата-анасына қонаққа баруды жоспарлап отыр. 

"Ағамыз екеуіміз Жаңа жылды үнемі әке-шешеміздің үйінде тойлаймыз. Менің ата-анам үшін ең үлкен сый – ұлдары мен немерелерімен бірге уақыт өткізу", — деді министр. 

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2019 жылды дәстүр бойынша Павлодарға барып, ата-анасымен бірге тойлайды екен. 

"Жылда солай істейміз. Сондықтан биыл да осы дәстүрді сақтаймыз. Жаңа жылда ән айтамыз, бір-бірімізге тілек білдіреміз. Сыйлықтарымыз да дайын", - деді Сүлейменов.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel