Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тапа-тал түсте 30 мың теңге үшін экспедитор мен жүргізушіні атып кетті

Опубликовано:

Алматыда күндіз жүргізуші мен экспидиторға оқ атылды. Түстенуге барған адамдарға белгісіз біреу келіп, бірден мылтықтан атып, 30 мың теңгені ұрлап кеткен деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Оқиға кеше сағат төрт пен бес арасында болған. Түскі асын ішкен жүргізуші мен экспедиторға белгісіз біреу келіп, оқ атқан.

Екі зардап шегуші қазір ауруханада жатыр. Олардың кассасынан 30 мың теңгені қаскөй ұрлап кеткен. Оқиға орнындағы аулалар қоршалып, тұрғындардан жауап алынған. Олардың сөзінше, күндізгі уақытта екі рет оқ атылған екен.

Тұрғындар жұмыстан кейін өз үйлеріне әрең кірген, ал таңертең жердегі қанды көріп, тіпті шошып кеткен.

"Көшеге шығайын десем, милициялар қоршап алған. "Өтпеңіз" деді. Сосын кетіп қалдым. Ештеңе айтпады. Анау жақтан адамдардан сұрасам, атыс болған сияқты деді", - дейді куәгер.
"Екі ер адамды атып кетті деп естідік. Жайдан жай түсте атпайды ғой адамды. Бөліспеген бірдеңесі болып тұр ғой", - деді тұрғын.

Оқыс оқиға орнында екі азаматтың достары да жүр. Жәбірленушінің біреуінің алақанын бытыра тесіп өткен. Екінші азаматтың қолтық тұсынан тиген. Бірақ, бір тәуліктен асса да, күдікті табылмапты.

"Болғаннан бастап осы жердеміз міне. Әлі таба алмады. Бір тәуліктен асып кетті. Мына ауданға қашса, табылу керек қой. Әлі табылмады", - деді Думан Әлиасқар.

Жәбірленушілердің бірі 25 жаста болса, екіншісі 19-да. Нарынқолдан жеткен ата-аналары төртінші қалалық клиникалық аурухананың есігін торауылдап жүр. Қолтық тұсынан оқ тиген азамат әлі де жансақтау бөлімінде жатыр екен. Көп қан жоғалтқандықтан оған қан құйылыпты. Дәрігерлер әзірге екі науқастың жағдайын бір қалыпты деп бағалауда.

"Кеше түстен кейін шолақ мылтықпен оқ жарақатын алған екі адам түсті. Бірінің сол қолына тиген. Екіншісі, оң жақ кеуде қуысына оқ тиген. Науқасқа қан құйдық, ота ұзақ жасалды", - деді бас дәрігердің орынбасары Әлібек Смағұлов.

Телеарнаның мәліметінше, полиция департаменті қаланың ортасында оқ атылып, екі адам жарақаттанғанын растағанымен, ресми ақпарат бермей отыр. Прокуратураға хат жолдап, істің мән-жайын кейін хабарлайтынын жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1770793-almatyda-tapa-tal-tste-30-my-tege-sin-ekspeditor-men-zrgizusini-atyp-ketti/

pixel