RU
КТК арнасы Жаңа жылда эксклюзивті бағдарламалар ұсынбақшы

КТК арнасы Жаңа жылда эксклюзивті бағдарламалар ұсынбақшы

Рассказать Вконтакте

Алдын ала ниет етпей, еш нәрсе қабыл болмайды дейді. Еліміздегі беделді телеарналардың бірі КТК да Жаңа жылға бар ниетін салып дайындалды.

КТК арнасы Жаңа жылда эксклюзивті бағдарламаларды ұсынбақшы

КТК арнасы Жаңа жылда эксклюзивті бағдарламаларды ұсынбақшы

Көрермендерінің қабағын аңдып, ықылас-емеурінін қалт жібермейтін КТК әр көрерменінің сұранысын мүлтіксіз орындауға барын салды. Жұрттан қалмау үшін емес, көрерменінің разылығы үшін. Телеарнаның 2018 жылға алғысы мол, 2019-дан күтері көп. Барын бағалап, бағдарламаларын қорытып, Жаңа жылға шашуы дайын. Тек сіздер үшін! Тек эксклюзив дүниені қабыл алыңыз!

29-шы желтоқсанда сағат 18:00-де «Махаббат әлемі» деген атпен жаңажылдық ән шашудың тұсауы кесіледі. Ерекшелігі: ерлі-зайыпты танымал әншілердің махаббатпен шырқаған әндері! Құпияның шетін ашсақ, Қайрат Нұртастың ата-анасы да сахнаға қол ұстасып шықпақ.

КТК арнасы Жаңа жылда эксклюзивті бағдарламаларды ұсынбақшы

КТК арнасы Жаңа жылда эксклюзивті бағдарламаларды ұсынбақшы

30-шы желтоқсан сағат 16:10-да өзбек ағайындарымыздың «Тағдыр тәлкегі» деген жаңажылдық комедиясының тұсауы кесілмек. Мұнда тап Жаңа жыл түнінде болған адам нанғысыз оқиғаның куәгері боласыз.

30-шы қаңтар күні сағат 18:30-да «Дау-дамайсыз» бағдарламасының жаңа жылдық шығарылымы! Биыл ерекше марапатқа ие болған «Дау-дамайсыз» бағдарламасы шешкен түйіткілдердің қорытындысын білгеніңіз абзал. Ерекшелігі: «Дау-дамайсыздың» жаңа жылдық шығарылымы дастархан басында дайындалды.

30-шы қаңтар сағат 20:00-де ең қызық шығарылым! КТК көрермендерінің арманын орындаған фильм! КТК жаңалықтарының ұжымы дайындаған «Жаңа жылдық хикая. Армандар орындалады» арнайы жобасын міндетті түрде қарауға асығыңыз! Құпияның бір шетін ашсақ: атақты Қырғызстаннан Роза Рымбаеваға арналған 40 жылдық тосын сый бар!

КТК арнасы Жаңа жылда эксклюзивті бағдарламаларды ұсынбақшы

КТК арнасы Жаңа жылда эксклюзивті бағдарламаларды ұсынбақшы

30-шы қаңтарда сағат 20:25-те көрерменнің көзайымына айналған «Елки новые» жаңа жылдық комедиясының тұсаукесері. Айта кетсек, аталмыш комедияның жалғасын да КТК арнасынан тамашалауға болады.

31-ші желтоқсанда сағат 18:00-де 2018 жылдың ең керемет әндері мен ең үздік әншісін КТК арнасынан тамашалаңыз!

КТК арнасы Жаңа жылда эксклюзивті бағдарламаларды ұсынбақшы

КТК арнасы Жаңа жылда эксклюзивті бағдарламаларды ұсынбақшы

«Ән мен әнші» концерті аяқтала салысымен, сағат 21:00-де «Жаңа жылдық көгілдір от» мерекелік сазды-думан ұсынылады.

КТК арнасы Жаңа жылда эксклюзивті бағдарламаларды ұсынбақшы

КТК арнасы Жаңа жылда эксклюзивті бағдарламаларды ұсынбақшы

2019 жылдың 1-ші қаңтарында сағат 16:00-де жаңа жылдық әзіл мен ән- думанның шымылдығын тек КТК арнасында «Шаншар» түрмек.

Іле-шала, сағат 19:15-те Төреғали Төреәлінің «Ұлы дала комедиясы» романтикалық картинасы тек КТК арнасында көрсетілмек. Басты рөлді сомдаған танымал әншінің актерлік өнерін байқап көрелік!

КТК арнасы Жаңа жылда эксклюзивті бағдарламаларды ұсынбақшы

КТК арнасы Жаңа жылда эксклюзивті бағдарламаларды ұсынбақшы

2-ші қаңтарда сағат 18:30-да «Нағыз еркек»! Кім дейсіз ғой? Қайрат Нұртас! Ән-шашу! Тұсаукесер! Қалт жібермей қараңыз!

5-ші қаңтар күні аты аңызға айналған «Тамашаның» 40 жылдық мерейтойын тамашалауға шақырамыз. Тек КТК арнасындағы тұсаукесер!

КТК арнасы Жаңа жылда эксклюзивті бағдарламаларды ұсынбақшы

КТК арнасы Жаңа жылда эксклюзивті бағдарламаларды ұсынбақшы

Аталған шығарлымдар тек КТК эфирінен ұсынылатын дүниелер. Сондай-ақ тағы да басқа мерекелік көркем фильмдер, керемет концерттер ұсынылады. Нақтырақ, КТК сайтынан немесе әлеуметтік желілердегі КТК телеарнасы парақшаларынан қараңыз.

Жаңа жыл құт-береке әкелсін! Бізбен бірге болыңыз, құрметті көрермен!

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel